Жарқынай Ханайым “Қай әні үшін берілді екен?” дегендерге жауап берді

0
232

Өнер иесі жақында “Еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған еді.

“Күшті көңіл-күйімді қолдана отыра соңғы оқиғаларға байланысты мені қолдаған оқырмандарыма алғысымды білдіргім келеді. Әңгіме айтқан сайын көбейе береді, сөз қуалаған сөздің түбіне жетпейді. Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Осы жолы менің бағым шапқаны үшін мен біреудің алдында ақталуым тиісті емес деп ойлаймын. Себебі барлық жер бетіндегі оқиға Құдайдың қалауымен болады. Жапырақ та оның қалауынсыз жерге түспейді. Ол үшін мен ақталуым керек деп ойламаймын. Тек жақсы нәрселерге көңіл бөлуге ниеттімін. Сіздерге де соны тілеймін”, – деді әнші.

 

Айта кетейік, әнші Әлішер Каримов пен Жарқынай Ханайымның атақ алғаны көпшіліктің ашуын туғызған еді.

“Айқайлағанның бәрі атақ алды”, “Өнеріне сөзім жоқ, бірақ мұндай марапатқа лайықсыз”, “Қай әні үшін берілді екен?! Ешқандай әнін білмейміз”, “Қазақ әнінің қара нарлары қайда қалған?!”, “Баянның келіні де “қайраткер” атанды”, “Атақты танымал адамдарға бермей ме?!”– деп жазды көпшілік.