Жас әншімен мектеп алдында махаббат әнін шырқаған Шахизада сынға қалды

0
82

Шахизада жас әнші Назар Серікпен бірге «Жүрек дүрс» әнін мектеп алдында орындап, сынға қалды, деп хабарлайды.

«Жүрегің мен деп соғады ма?» деп аталған видеодан екі әншінің қалалық гимназиялардың бірінде ән шырқағандарын көруге болады. Көпшілік махаббат жайлы әннің оқушылар алдында орындалуын ерсі көріп, әншілердің жас айырмашылығына да назар аударды.

«Мектепте махаббаттарын айтып, ғашық екендерін білдіргендей көрінеді», «Түкте жарасып тұрған жоқ», «Тең теңімен. Түк жарасып тұрған жоқ. Тегі ұят нәрсе екенін түсіне ме екен өзі?!» – деп жазады желі қолданушылары.