Жастарға не деп ренжиміз?

0
96

Танымал актер Бекжан Тұрыс бауырымыздың кеше жариялаған постын оқып отырып, ойға келгені..

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

Бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар

1-ұя: Отбасындағы көргені аса маңызды.

Ұрлық-қарлықпен байыған, қулық-сұмдықпен жетістікке жеткен адамдарды «Жұрттың баласын қарашы» деп үлгі тұтатын отбасылар жетіп артылады.

Әртүрлі себеппен отбасында лайықты тәрбие ала алмаған баланы Бала бақша күтіп тұр.

2-ұя: Отбасыда «Жұрттың баласын қарашы» деген «тәрбиеден» өзге ештеңе естімеген бала бақша қызметкерлерінен лайықты тәрбие ала алмаса жағдай күрделілене түседі.

Еден жуушы боп тегін кіру қиын елдің бала бақшасының тәрбиешілері мен меңгерушісін көзіңізге елестете беріңіз..

3-ұя: Бала тәрбиесіндегі ең маңызды кезең — Мектеп қабырғасында өткізген жылдары..

Мектептің функциясы тек білім берумен шектелмейді.

Мектеп «Оқу және тәрбие процесстерін ұйымдастырады».

Мұнда да сол..

Еден жуушы боп тегін кіру қиын деп ел шулап жатқанына пәленбай жыл болды..

Жағдайды өздеріңіз шамалай беріңіздер..

Бала мектепте бойына сіңірген әлеуметтену дағдыларымен үлкен өмірге аттанады..

4-ұя: Гаджеттер — «Интернет тұңғиық мұхит, тереңінен маржанды да, сайтанды да табуға болады»..

5-ұя: Баланы қоршаған орта — яғни «районның балдары» қатты әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандардың арасындағы отбасыдан өзгесінің бәрін жөнге салып, реттеу үшін жалақы алатын жауапты қызметкерлер бар..

#Нысаналы_мектеп деп мұғалімдер неге шулап жатыр?

Айналаңызға бір сәт көз салыңыздаршы..

Олай болса біз жастарға неге кейиміз?

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.