Жемқор, елге пайдасыз шенеуніктен құтылудың төте жолы — жасанды интеллектіні ресми енгізу

0
36

Қазақстанда жасанды интеллектіні ( ЖИ) мемқызметте ресми енгізсек мемшенеуніктерді  50- пайызға қысқарту арқылы бюджеттік шығындарды азайтып,халықтың ахуалын жақсарта аламыз.

Мысалы Қазақстанда 2024 жылдың есебі бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны 83 000 екен.

Егер мемлекеттік қызметшілердің орташа жалақысы 300 000–350 000 теңге деп есептесек әлеуметтік төлемдер мен салықтарды қосқанда, бір қызметшінің айлық шығыны шамамен 400 000 теңгені құрайды.

Халықаралық зерттеулерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің 50%-ының функцияларын ЖИ және цифрлық технологиялар арқылы автоматтандыруға болады.

ЖИ енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің 50%-ы (41 500 адам) қысқартуға болады.

Демек бір қызметшінің жылдық шығыны 4,8 млн теңгені құрайды (400 000 × 12).

Егер мемқызметшілердің саны 50% қысқарса 41 500 × 4,8 млн = 199,2 млрд теңге жылына үнемделеді.

Нақтырақ айтсақ ЖИ енгізу арқылы адами қателіктер мен жемқорлық тәуекелдерді азайтамыз.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен азаматтардың билікке деген сенімі артады.

Сонымен Жасанды Интеллектіні (ЖИ) қолдану арқылы мемқызметшілердің санын 50%-ға қысқартып жылына 200 млрд теңгеге дейін бюджеттік шығынды үнемдейміз.

Сол сияқты Қазақстанда мәжілісте 98, ал сенаттағы 50 депутатты алып қарасақ, бір депутаттың жылдық шығыны орта есеппен 20 млн теңгені құрайды.

Шындығында жасанды интеллекті (ЖИ) үлкен деректерді талдап, депутаттарға қарағанда заң жобаларын анағұрлым жылдам әрі қателіксіз жасайды.

Атап айтқанда кейбір  сыртқы күштердің сойылын соғатындарға жол бермей жемқорлықты жояды және шешім қабылдау да ашық болады.

Ең бастысы депутаттардың 50%-ын қысқартқанда, жылына 1,5 млрд теңге үнемделеді.

Сөзімізді қорытындыласақ депутаттардың көп бөлігінің міндеттерін жасанды интеллектіге жүктеу арқылы жұмыс сапасын арттырып, мемлекеттік бюджет пен салыққа пайда түсіре аламыз.

Қуаныш ӘЛІБЕК, дінтанушы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.