«Жеңгесі қайнысына қол беріп амандасу — харам» дейді уағызшы

0
232

«Жеңгенің бір саны байынікі, бір саны қайнысынікі» деген мәтел —ағасы опат болса, әйелін әмеңгерлік жолмен қайнысы алатын болғасын айтылса керек.

Одан беріде, жеңге мен қайнысы арасындағы қалжыңнан туындаған мәтел ме кім білсін.

Бірақ бұл мына есалаң молда айтып отырғандай —«бір саның менікі» деп қайнысы жеңгесін төсекке сүйреген дегенге келмейді.

Үйленбек қайнысына әйел табу, «абысын тату болса-ас көп» демекші, өзімен тату болатын абысын іздеу жеңге міндетіне кірген.

Бұл жолда ынжық қайнысы намысын қайрау үшін айтылған орынды қалжыңға —қайнысы тарапынан қайтарылған жауап та болуы мүмкін.

Күйеуі қайтыс болған әйел некесін қазақ дастарқанға қиған.

Марқұмның жылдық асын өткергесін жесір әйелге таңдау берілген.

Бала—шағасы бар әйел болса күйеуі туысы біріне тұрмысқа шығып—өмірін жалғап, балаларды жетімсіретпеген.

Бедеу әйел жөні бір басқа: шешімі өзінде болған.

Біздің сақалдылардың оранған әйелдерге лезде талақ беріп, қолдан қолға өткізіп жүргенін естіп те, көріп те жүрміз.

Аягөздік бір сақалдының алған әйелі жас қыздың ішінде 1 айлық баласы бар екенін 3 айда біліп ажырасты.

«Әй күтуің тиіс 4 ай 10 күнің қайда? 2 ай бойы жас «қызды» «айдап» пайдаланып, соңында «маған дейін екіқабат болыпсың..» деп, қуып жібергенің қалай кетті, а?» дегенімде, үндемеген.

Ондайда үндері өшіп қалады бұлардың. Қысқасы, «ағасы» өлмей «жеңгесін» қатын қылғандар—тап осылар.

Біздің қазақта… деп қояды тағы, ақымақ неме..

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

@ihlastvchannel

Ассаламу алайкум. Ұстаз Рамазан Шәкір

♬ orijinal ses — Ihlastv