“Жеріміздің жартысын арабтарға берейік” деген мұсылман қазақтың досы ма?(ВИДЕО)

0
1209

ТикТок әлеуметтік желісінде Ысқақ атымен танымал болған дін зерттеуші, тіпті ғалым десек те болатын жігіттің келесі бір “діншіл исламиспен” болған пікірталасында сорақы жайттар сөз болды деп жазады Democrat.kz.

Діншіл ме, дүмше ме, пікірталасқа түскен қазақша сөйлейтін жігіт дебат барысында  «Араб болмаса —Қазақ болмаушы еді. Жеріміздің жартысын Арабтарға берсек болады» дейді.

Осы дебатқа байланысты пікір білдірген қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан:

“Иә, қазаққа қазақ екенін ұмыттырмақ мұндай құйтырқылықты мүмкін «шүкір, тәубә» деп жүрген сіздер білмейтін шығарсыздар?!

Ал қазақты ұлт ретінде сақтап қалу үшін әсіредіншілдермен алысып жүрген әрбір қазақ білеміз!

Ұғыңыздар!

Ислам «мұсылман қазақпын» деген ұғымды қабылдамайды!

Өйткені, «ұлтымен мақтанған әкесінің әчуінен тістеп тұрсын» деген Мұһаммед хадисі бар.

Демек, не мұсылман боласың, не қазақ боласың, болды.

Осы екі жолдың бірін іштей, жариясыз таңдауға тиіссің!

Қазақты жаулағандар тактикасы— ерме қазақты әуелі елітіп әкетіп, өз ұстанымын әбден сіңіріп болғасын қазаққа қарсы қойып жаулаған!

Сосын исламда намазсыз ораза ұстап, дәретсіз исламды жақтап сөйлейтін «жартымұсылмандық» ұстаным да жоқ!

«Намазсыз ораза ұстай беруге болады..» деп жүрген имам уағызшылар, пітір мен садақа алу үшін құдай жолынан адастырған нағыз құдайсыздар!

Жә, «Қазақ мемлекеті —күн тұрғанша тұрсын!» десеңдер, Қазақпын деп айтыңдар, болды!

Басқа тіркестің қажеті жоқ!

Ұнатқан ұлтына жерімізден берейік дегендер—таза сатқындар!” деп жазды Төртуыл ШОҚАН.

Фото көрнекілік үшін.

@sciqz

Арабқа жарты жерімізді берейік #sciq #sciqlive #дін #ислам #қазақ

♬ original sound – SciQ – SciQ