“…жетістікке жетпей қалған, бақытсыз адамдар” деген әнші негатив пікір жазушыларға ренішін білдірді

Бір сұхбатында әнші Абай Бегей жұрттың әлеуметтік желіде өз отбасына қатысты жазатын пікірлері жаман әсер беретінін айтты деп жазады Democrat.kz.
“Ақтаудан қызым қыдырып келді. Үш күн бойы достарымен кездесіп, үйде болмады. Келеді, кетеді, келеді, кетеді. Ет асуға мүмкіндік болмады. Сол кезде әйеліме “үлкен қызыңыз келді, неге ет аспадыңыз, неге дастарқан жайып күтіп алмадыңыз” дейтін іріткі салатын пікірлер жазды. Қыздарыма да жазады. Сымбатқа жазатын кілең негатив пікірлерді оқыдым. Әлгі пікірлерді оқысаң, түңіліп кетесің. Жетістікке жетпей қалған, бақытсыз адамдар ма деп ойлаймын. Интернетті болашақта құртпаса, басымызға бәле болады”, – дейді Абай Бегей.
Әншінің осы видеосына қатысты оқырман оның өзін кінәлап “сол үшін өздерің видеоларыңды интернетке салмаңдар”, “тыныш жүрсеңдер ешкім жазбайды”, “әйеліңе, қыздарыңа мына жерге салма деп айтпайсың ба” деп пікір жазуда.
Фото интернеттен.
@oskolki_podcast Негативные комментарии разжигают конфликты в семье #подкастосколки #urpaqpodcast #абайбегей