Жұлдыз Әбдікәрімова “ортақ келісімге келу қиын” екенін айтты

0
294

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова балалары туралы қызықты бір жазба қалдырды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.   

Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде балалары есейіп, әрқайсының өз көзқарасы мен пікірі қалыптасқанын алға тартты. Сол себепті оған төртеуімен санасып, бір шешімге келу қиынға соғады. Оның үстіне актрисаның сөзінше, перзенттері бұрынғыдай анасының айтқанына көне қоймайды.

«Мектепте каникул басталып, үйге қалай сыйып жатырсыздыр? Мына төртеуін қайда жіберсем екен? Қазір баяғыдай емес. Дегенге көнбейді. Өз ойы, көзқарасы, графигі бар. Әрқайсысымен санасып, әрекет етемін. Көбіне төртеуімен ортақ бір мәмілеге келу қиын.

Мәселен Нарұл қазір ат спортына қатты қызығып жүр. Жаттығуға күн сайын елден бұрын барып алады. Қайтқысы келмей, аттарды баптап, ер-тоқымын сүртіп жүріп алады. Күзден бері біраз нәтижеге жетті. Бастысы өзі мәз. Алау болса өз әлемінде, Ханды дегеніне көндіріп жүр», — деп жазды Әбдікәрімова.

Фото ашық дереккөзден алынды.