Жұлдыз Әбдікәрімова: “Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік”

0
104

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова елдің алдында жан сырын ақтарды.

Әншінің жұбайы мектеп бітірген тұңғыш қызына арнап арнайы жазба жариялады.

«Сезім қызым! Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай!

11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… Ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым! Құрметті түлектер ақ жол!» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.