Жұлдыз шетелге неге кеткенін айтты
Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова екі баласын алып, шетелге кету себебін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сапардың жарты жыл бұрын жоспарланғанын айтып, оқырмандарының алдында ақталды.
“Испания елі, Барселона провинциясы, Жерорта теңізінің жағалауындамыз. Бұл сапарды өздеріңіз білетіндей жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ұлдардың қалауы еді. Сапарға бірнеше ай дайындалдық.
Ел-жер аралаудан бөлек, танымдық бағдарламалары мықты. Мәселен біз жексенбі күні келдік. Бұл елде демалыс күнін әр адам өз отбасымен өткізеді екен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек, дүкендер, сауда үйлері, базарлар, тамақ ішетін орындар бәрі-бәрі жабық.
Ал келген туристерге бағдарлама өте көп. Біз бір тәулікке bus ticket сатып алдық та, күні бойы қаланы араладық. Яғни сіздің алған билетіңіз қаладағы барлық бағыттағы автобусқа өтімді. Кез келген аялдамадан түсіп қалып, емін-еркін аралай бересіз. Заң өз азаматтарын әбден қорғайды екен.
Бір ғана мысал: егер сіз, яғни турист бір затыңызды жоғалтып алсаңыз, оны жергілікті “ұры” ұрлап әкетсе, полицияға шағымдану – бос әурешілік. Заттарыңызға ұқыпты болмаған өзіңіз кінәлісіз. Себебі ұрлап кеткен азамат осы елдің тұрғыны болса, жауапқа тартылмайды”, – деп жазды актриса.
Фото интернеттен алынды.