Жұлдыз жорамал: Маусым айында сізді не күтіп тұр?

Маусым айының басы барша жұлдыз белгілері үшін сәтті болмақ. Бұл — жаңа бастамалар, жеке іс ашу, басқа жұмысқа ауысу немесе қызмет саласын өзгерту үшін сәтті уақыт.
Отбасылық қарым-қатынастары да нығаяды. Десе де біқатар қиындықтарды еңсеруге де тура келеді. Ол үшін сабыр сақтап, байыптылық таныту керек. Stan.kz ақпарат агенттігі мамыр айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
Тоқтылар ай басынан маңызды істерді шешімін табуға кіріскені жөн. Олар өзінің басшылық қырынан көрініп, басшылық пен әріптестерінің алдында абырой жинайды. Сондай-ақ келер айда табысын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік туып тұр.
Алайда ол үшін барынша тырысу керек. Атап айтқанда, керек кезде тәуекелге бел байлап, қажет болса қосымша жүктеме алуға тура келеді. Тоқтылар осылай жұмыс істесе еңбегі бағаланатыны сөзсіз.
Ал айдың ортасында жаңа бастамалар мен ірі келісімшарт жасауды қолға алмағаныңыз жөн. Кей жобаларды уақытша ысыра тұруға тура келеді. Тіпті, бұған дейін жақсы араласып жүрген адамдармен сөзге келіп қалуыңыз ықтимал.
Маусымның соңында жағдайлардың нәтижесі тікелей тоқтылардың өзіне байланысты. Егер күш салса, тығырықтан шығып кетудің жолын табады. Жұлдыздар “көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама” деп кеңес береді.
Торпақ
Торпақтар үшін маусымның алғашқы күндері оңайға соқпауы мүмкін. Жақсы нәтижеге жету үшін ұйымдастырушылық қабілетін барынша пайдаланып, тәртіпке бағынуына тура келеді. Астрологтар жұлдыз белгілеріне пайдасыз дүниелерге жүйкесін тоздырмауға кеңес береді.
Ал ай ортасы – пайдаға асыруға болатын керемет мүмкіндіктер кезеңі. Бұған дейін бас қатырып жүрген мәселелер де шешімін табуы ықтимал. Алыс-жақын серіктестермен келісім жасап, табысыңызды арттыруға мүмкіндік туып тұр.
Сіз ойламаған адамдар сізге қолдау көрсетеді. Келер айдың соңы да торпақтар үшін сәтті болмақ. Тамаша ұсыныстар алып, тың идеяларды жүзеге асырасыз. Тіпті бұған дейін үзілген қарым-қатынас қайта жандануы мүмкін.
Егіздер
Егіздер келер айдың басында ашуға бой алдырып, ұсақ-түйек дүниеге қадалып, басты нәрселерге назар аудармауы мүмкін. Сол себепті олар бұл кезеңде маңызды кездесулер мен әңгімелерді кейінге қалдырғаны дұрыс.
Сіз үшін маңызды адамдармен сөзге келіп қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан барынша ұстамды болып, төзімділік танытуға тура келеді.
Айдың ортасында бәрі өз орнына келеді. Сондай-ақ бұл шығармашылықпен айналысуға, шет тілдерін, жаңа дүниелер үйренуге, демалыс алып, саяхатқа шығуға қолайлы кезең.
Ал ай соңында жұлдыздар асығыстық жасамауға кеңес береді. Осылайша қателіктің алдын алып, айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынасыңызды сақтап қаласыз және қаражатыңыз да қалтаңызда қалады.
Шаян
Шаяндарға келер айда көзқарастары қарама-қайшы жандармен келісімге келу қиын болады. Мүмкін болса, дау-жанжалдан аулақ болғаныңыз жөн. Сабырға салсаңыз қаржылық мәселелердің шешімін табасыз.
Айдың ортасы жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. Әлеуетті іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік туады. Жеке өмірде де жақсы өзгерістер болуы ықтимал.
Шаяндарға кәсібін дамытуға немесе мансапта өсуге байланысты жақсы ұсыныс түсуі мүмкін. Айдың соңында жаңа бастамаларды қолға алмағаныңыз жөн. Қазір бастаған істі аяқтап, кеткен қателіктерді талдап, қорытынды жасап, болашаққа жоспар құру әлдеқайда тиімді. Бұл кезеңде сабыр сақтап, байсалдылық танытыңыз.
Арыстан
Маусым айының басы арыстандарға көптеген жақсы мүмкіндіктер алып келеді. Кей арыстандар қызуқанды болып келеді. Бұл айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына кері әсерін тигізуі ықтимал.
Жұлдыз белгілері уақытын ұзақ ойланып-толғануға жұмсамай, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетеді. Сондай-ақ ай басында жаңа таныстықтарға, романтикалық қарым-қатынастар үшін, ескі достармен кездесулерге қолайлы кезең.
Айдың екінші жартысында жаңа бастамаларды қолға алсаңыз болады. Арыстандар болашақта пайдаға асыратын дағдыларды меңгереді. Бәсекелестерден озып шығуға көмектесетін маңызды ақпаратты алуы да ықтимал.
Маусым – келісім жасау мен келісімшарттарға қол қою үшін сәтті уақыт. Келіссөздер, конференциялар, көпшілік алдында сөз сөйлеуіңіз де ойдағыдай өтеді. Ай соңында аса маңызды істер бастамаңыз, бірақ бұрын бастаған жұмысты аяқтауға тырысыңыз. Жеке өмірде аздаған қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан шиеленісіп кетпес үшін әрекет еткеніңіз жөн.
Бикеш
Ай басында интуицияңыз күшейе түседі, бұл көптеген мәселелерді шешуде пайдасын тигізеді. Кейбір бикештер жұмыс орнын ауыстырып, тіпті мүлде басқа салаға ауысуы ықтимал.
Бикештер тәжірибелі таныстардың немесе жасы үлкен туыстардың кеңестерін қажетіне жаратады. Сонымен қатар жұлдыздар бикештерге әңгіме кезінде әр сөзге мұқият болуға кеңес береді. Өйткені бір ғана әдепсіз сөз маңызды қарым-қатынастарға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Басқа адамдардың ұсақ кемшіліктеріне тым қатты мән берудің қажеті жоқ. Аздаған қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ сіз байыптылық танытып, асығыс шешім жасамасаңыз оларды тез шешесіз. Айдың екінші жартысы оңайға соқпайды. Кейбір істерді кейінге қалдыруға тура келеді.
Таразы
Келер айдың басында таразыларды көптеген сәтті мүмкіндіктер күтіп тұр. Мансапта өсіп, кәсіби шеберлігіңізді арттырасыз немесе кәсіпте ілгерілеуіңіз ықтимал. Таразылар шынайылығымен және адалдығымен әріптестерінің, басшылықтың және іскерлік серіктестердің ықыласына бөленеді.
Сондай-ақ ерекше күрделі мәселелерді шешуге өте қолайлы уақыт. Ірі жобаларды қолға алуға болады. Оларды жүзеге асыру сіз ойлағаннан жеңіл болады. Іскерлік те, жеке де сапарлар сәтті өтеді. Айдың ортасында қиындықтар болуы мүмкін. Достарыңызбен және туыстарыңызбен түсініспеушіліктер болып, бір-біріңізді түсіну қиындай түседі.
Тіпті сенімді серіктестеріңізге де сеніп қалмаңыз. Қаржылық қиындықтар пайда болуы ықтимал. Бұл кезеңде ауқымды жобаларды бастамай, бұрын бастаған жұмысты аяқтаған жөн. Ай соңында да маңызды бастамалардан аулақ болған дұрыс. Қарапайым тапсырмаларды орындау үшін әдеттегіден көп уақыт кетуі мүмкін.
Сарышаян
Маусым айының алғашқы жартысы сарышаяндар үшін өміріне өзгеріс енгізуге өте қолайлы кезең. Дегенмен асығыстық жасап, тәуекелге бармаңыз. Көптеген сарышаяндар бұл уақытта салмақты әрі байсалды көзқарас танытып, кез келген жағдайда қалай әрекет ету керек екенін түсінеді.
Жұмыста айтарлықтай табысқа жетуге мүмкіндік бар. Бұл ретте достық байланыстардың рөлі зор болмақ. Перспективалы таныстар пайда болып, ықпалды қолдаушылар табуға жол ашылады.
Сондай-ақ эмоцияға берілмей, шамадан тыс ашушаңдықтан аулақ болыңыз. Маңызды адамдармен қарым-қатынаста жанжал туындап қалса, оны қалпына келтіру қиын әрі ұзақ болуы мүмкін. Кез келген жерде өз дегеніңізді орындатуға тырыспаңыз.
Айдың екінші жартысы тыныш әрі үйлесімді өтеді. Тиімді келісімдер жасасып, қажетті адамдармен байланыс орнатуға, бұрынғы кикілжіңдерді шешіп, кеткен қателіктерді түзетуге жақсы мүмкіндік туады.
Мерген
Мегендер үшін келер ай сәтті басталады. Көп дүние ойдағыдай жүзеге асады, маңызды мәселелерді шешіп, өзіңіз үшін маңызды адамдармен үзілген қарым-қатынасты қайта қалпына келтіре аласыз.
Бұрынғы уайым-қайғы мен аяқталмай қалған жұмыстар еске түсіп, күтпеген мәселелерді шұғыл шешу қажет болады. Алайда икемділік пен тапқырлықтың арқасында күрделі жағдайларда да абдырап қалмайсыз.
Барлық жоспарыңыз іске аса бермейтінін ескеріңіз. Ай ортасында кейбір мергендер үшін айналасындағылармен тіл табысу қиынға соғуы мүмкін. Сондай-ақ бұл уақыт жаңа жобаларды бастау үшін қолайсыз уақыт.
Бірақ күнделікті, үйреншікті тапсырмаларды ойдағыдай орындайсыз әрі бұл үшін сізге өзгелердің көмегі қажет болмайды. Барлық келіссөздер сәтті өтпеуі мүмкін, сондықтан сізге тиімсіз шарттарға келіспеген жөн.
Тауешкі
Маусым тауешкілер күткеннен де жақсы басталып, сәттілік серік болады. Ең күрделі тапсырмаларды да оңай шеше аласыз. Шығармашылық қабілеттері ашылып, тығырыққа тірелген сәттерде де жол табады.
Сондай-ақ бұрыннан келе жатқан қарсыластарын жеңуге мүмкіндік туады. Тауешкілер өзінің мықты тұстарын көрсетіп, басқаларға жақсы әсер қалдырады және пайдалы таныстықтардың арқасында қолдау табады.
Ай ортасында эмоцияға ерік бермеген абзал. Сонда бәрі сәтті өтеді. Кәсіби салада ілгерілеу мүмкіндігі туады. Бірақ оған жету үшін көп еңбектенуге тура келеді. Маусымның соңғы күндері аса қолайлы болмаса да, үлкен қиындықтар болмайды.
Асықпаңыз, ойланбай уәде бермеңіз және жаңа ірі жобаларды бастауға кіріспегеніңіз жөн. Эмоциялық жағдайыңызға ерекше көңіл бөліңіз. Қызуқандылық пен ашушаңдық алға қойған мақсаттарға жетуге кедергі келтіруі мүмкін. Айдың соңына қарай барлық мәселені реттеп, жақын адамдарыңызбен арадағы келіспеушіліктерді шешуге болады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар үшін саусым айының басы сәтті болмауы мүмкін. Ең алдымен, бұған өзіңіздің эмоциялық күйіңіз әсер етеді. Алаңдаушылық пен мазасыздықтан арыла алмай, әлек боласыз.
Суқұйғыштар өзіне сенбей, күрделі тапсырмалардан қашқақтап, тіпті кейде өз міндеттеріне салғырт қарауға бейім болады. Сондықтан өзіңізді қолға алып, қажет тапсырмаларды орындауға тырысыңыз.
Өте жауапты жобаларға кіріспеген дұрыс, алайда өзіңізге тым көп еркіндік беріп, жалқаулыққа салынбаған абзал. Айдың екінші жартысында жағдай біртіндеп түзеле бастайды. Көңіл-күй тұрақтанып, жан дүниеңізде тыныштық орнайды.
Өзіңізге деген сенім мен батылдық артады, бұл жаңа жетістіктерге жол ашады. Ай соңында бұрыннан келе жатқан мәселелер қайта еске түсуі мүмкін. Барлығын жалғыз шешуге тырыспаңыз. Сенімді серіктеріңізден көмек сұрасаңыз жанашырларыңыз жаныңыздан табылады.
Балықтар
Астрологтар балықтарға айдың бірінші жартысында эмоцияға берілуден сақтануға шақырады. Қызуқандылық жұмыс нәтижелеріне де, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізуі мүмкін.
Кейбір балықтар барынша сақ болуы керек. Себебі бұл уақытта ұсақ жарақат алу қаупі жоғары. Адамдармен дәлелсіз дауласпаған жөн. Бұл күйзеліске толы кезең маусым айының ортасына қарай аяқталады.
Үзілген байланыстарды қалпына келтіруге, ренжіскен жандармен татуласуға мүмкіндік туады. Бұрыннан кейінге шегере берген істеріңізді де реттеуге болады. Кез келген қиындықты еңсере аласыз. Егер бар күшіңізді салсаңыз, жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.
Ай соңында үй ішіндегі шаруаларға ерекше назар аударған жөн. Сондай-ақ айдың соңғы күндері демалысқа шығуға немесе алыс сапарларға аттануға қолайлы уақыт. Энергияңыз қайта толығып, жаңа әсерге бөленетін сәттер көп болады.