Журналист Динара Сәтжан дабыл қақты

0
126

Танымал журналист Динара Сәтжан Instagram парақшасында депутаттарға сауал жолдап, дабыл қақты деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

“Менің туған Жаңаарқамда экологиялық апат басталып жатыр.
Қыста аязда жылқылар қорек табамын деп, тұяқтары мұз астында қатып қалды.Екі жарым мың жылқыдай үсіп өліп жатыр. Жылқышыларға шұғыл көмек керек!!! Өйткені күн жылып қар еріген кезде мал өлексесі іріп-шіріп жаппай ауруға әкеледі!
@tjm_mchs Жаңаарқаға шұғыл түрде бару керек.Әйтпесе үлкен биологиялық апат күтілуде!!! Ұлытауға көмектесетін депутаттарымыз қайда?!” деп жазды Динара Сәтжан.

Фото ашық дереккөзден алынды.