Жұртты бопсалап, ақша алғандар білім саласында жүрген соң, басқа не айтуға болады?

0
273

Оқулық жөнінде қызық нәрсе жазайын. Жақында «оқулықтарда мынанша пайыз қателік жоқ» деген мәлімдеме шығарды.

Ол қайдан шықты?

Әр облыста мұғалімдерді жинап, оқулықтағы қателерді тез арада (срочно) теріп жазып беруге тапсырма береді.

Ол мұғалім темір емес қой. Бір жыл бойы оқитын оқулықты тез арада түгел оқып, қарап шығатын. Оның үстіне оның басқа шаруалары бар.

Ал кейбір мұғалім оқулықты тез-тез қарап, көзіне көрінгенін айтады, байқамаса, жоғын айтады.

Оқулықтың қатесін сабақ өткен кезде, сабаққа дайындалған кезде асықпай отырып байқайсың. Сол байқағаныңды әлеуметтік желіге жазсаң, баяғыда айтсаң, қайда қалдың деп, мұғалімді кінәлі қылып шығарады.

Сөйтіп оқулықты сауатсыз жазған авторлар да, оны басып шыққан баспа да, оны сараптаудан өткізген саны бар, сапасы жоқ сарапшылар да сүттен ақ, судан таза боп шыға келеді.

Ең соңында кінәлі мұғалім.

Жақында бір қатені көрсеткен екі жыл бұрынғы постымды жаңартқам.

Өзіме «Сіз мұғалімсіз, жақсы ұстаз қатені білдірмей, балаға дұрыс білім береді» деп ұрсып кетті.

«Баяғыда айтсаң, қайда қалдың» деп, өзіме шапты.

Мен бастауыштың мұғалімі емес, ата-анасымын.

Балам сол оқулықты оқыған кезде, бірге көрдім.

Оған дейін ол оқулықтың мен сарапшысы емеспін, көрген соң, қашан айтсам да бәрібір емес пе?

Ең қызығы, екі жыл бұрын сол мен айтқан қатені түзеп, тап сол авторлар жаңа оқулықты да жазып отыр.

Құдай-ау, аластап қумай ма? Дүниенің ақыры емес қой. Біреуін солай етсе, қалған авторлар әр сөзін екі шұқып, бір қарап, мұқият жазар еді.

Бізде олай емес… Оқулық жазуға ескерткіш болып қатып қалған…

Ал, өтірік десеңдер өле қалыңдар, шындық сол.

Жұртты бопсалап, ақша алып, жемсауын толтырып жүргенді білімге араластырған соң, қалғаны қоқи ғой…

Айнұр САБЫР, белсенді ұстаз.

Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.