Жүздеген қызды зорлаған рэпер ауруханаға жеткізілді

0
1324

P. Diddy бүркеншік атымен танымал американдық рэпер Шон Комбс өткен аптада Бруклиндегі федералды изолятордан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz New York Post-қа сілтеме жасап.

Рэпер өткен аптаның бейсенбісінде сағат 22.00-де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 55 жастағы рэпер толықтай тексеруден өту үшін ауруханаға жатты. Нью-Йорк марафонына қатысқаннан кейін рэпердің тізесі жиі ауыратын болған.

 

Еске салайық, рэпер өткен жылдың қыркүйек айынан бері қамауда отыр. Ол кәмелет жасына толмаған жүзден аса қызды зорлады деп айыпталуда. Сонымен қатар Комбстың қамауға алынуы әйелдерді сексуалды «қойылымдарға қатысуға» мәжбүрлеу айыптарымен байланысты болды. Рэпер өз кінәсін мойындамайды. Дегенмен оған кокаин мен кетамин сияқты есірткі заттарын қолданып, құрбандарын басқарды деген айып тағылды. Жәбірленушілер де күн санап артты. Көбі кәмелет жасына толмаған қыздар.

Бұған дейін Комбстың үйін тінту барысында қару-жарақ пен 1000-нан астам балалар майы табылғаны белгілі болды, бұл оған қатысты тергеудің бір бөлігі ғана.