Зілзаланың кесірінен Қазақстанға келмейді

0
118

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жер сілкінісіне салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NTV-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі Кюсю аралының оңтүстік бөлігіндегі жер сілкіністерінен кейін Жапонияның Тынық мұхиты жағалауындағы Нанкай жарығында тағы бір жойқын жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары екенін ескерткен.

8 тамызда Астана уақытымен сағат 12:42-де магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік бөлігінде, Миядзаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын.

9 тамызда Астанада «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді.