Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында халықаралық ұйымдардан шамамен 464 миллиард теңге (154,7 миллиард жапон иенасы) көлемінде қарыз алу туралы келісімдерді мақұлдады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды, деп Democrat.kz. сайты Qaz365.kz.
Заң жобаларына сәйкес, еліміз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 62,3 миллиард жапон иенасын және Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 миллиард жапон иенасын тартады. Аталған қаражат мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік және экономикалық міндеттемелерін үздіксіз орындауын қамтамасыз етуге және экономика тұрақтылығын қолдауға бағытталады.
Қос халықаралық қаржы ұйымынан алынатын несиелердің шарттары бірдей: қарыз 11 жыл мерзімге беріледі, оның ішінде алғашқы 5 жылы жеңілдікті кезең болып табылады. Сондай-ақ пайыздық мөлшерлеме халықаралық нарықтық TONA (жапон иенасының базалық мөлшерлемесі) көрсеткішіне байланысты есептеледі, ал қызмет көрсету комиссиясы 0,25%-ды құрайды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл несиелер нақты бір инфрақұрылымдық жобаға емес, жалпы бюджет сұранысын жабуға арналған.