@qaz365kz ❗️ Желіде Атырау облысында жоғалған отбасының тойдағы видеосы тарады. Атырау облыстық полиция департаменті Жангелді ауылынан жоғалып кеткен отбасыға қатысты істі тергеу барысында ерлі-зайыпты 1959 жылы туған Максот Қарабалин мен оның жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылғанын растады. Сонымен қатар полиция жоғалып кеткен тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Полиция департаменті әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды. Айта кетейік, бұған дейін мәйіттердің отбасының үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстың аумағында көмілген күйде табылғанын хабарлаған еді.
♬ оригинальный звук - Qaz365.kz | Новости Казахстана