@abaitvkz

Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін Бүгінгі «Сарасөз» бағдарламасының қонағы – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі, қазақ музыкасының айнымас символына айналған Роза Рымбаева. Бағдарлама барысында аңыз әнші көрермендерді елең еткізер жаңалығымен бөлісті. Қазір ол шығармашылық жолының жарқын сәттерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. Роза Қуанышқызының айтуынша, осы мерейтойлық концерт оның үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы әбден мүмкін. «Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң сахнамен қоштасуым да ықтимал», – деді әнші бағдарламада. Аңызға айналған дауыс, өшпес әндер және жүрекке жеткен өнердің тарихы бүгін көрерменге жаңа қырынан ашылмақ. #врек #розаРымбаева #хочуврек #врекомендации

♬ оригинальный звук - 🔺ABAI TV телеарнасы