@qrnewskz «Тоқал алуды заңдастыру» мәселесі осымен жабылды деуге болады. Себебі депутат Мәжілістің күн тәртібінде бұл тақырыпқа қатысты ешқандай ақпарат жоғын хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін өзге бір Мәжіліс депутаты тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтқан еді. Ол тоқалдар мен олардың балалары заңды түрде мүлікке ие бола алмайтынын алға тартқан болатын. Алайда бүгін Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланған бұл мәселеге нүкте қойғандай болды.
♬ оригинальный звук - qrnewskz