@stan.kz

Белгілі Теолог Рүстем Жүгінісовтың ағымға кіріп кеткенін айтты. Дінтанушы Асқар Сабдин өнерден дінге бет бұрған әншініңлаулы көзқарастарына қатысты өз пікірін білдірді. Сабдиннің айтуынша, Рүстем Жүгінісов бұған дейін заңсыз діни қызмет атқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Яғни, арнайы діни білімі болмасада діни мазмұндағы ақпарат таратқан. Сондай-ақ, Асқар Сабдин экс-әншінің қай діни бағытқа жақын екенін де атап өтті. Оның айтуынша, Рүстем Жүгінісовтің көзқарасы салафизмнің ішіндегі мадхализм деп аталатын ағымға ұқсайды. Мадхализм – салафизмнің әлемде белсенді таралған бағыты. Олардың басты ерекшелігі – “билікке қарсы шығуға болмайды” деген ұстанымында. Десе де бұл бағыт сырт көзге бейбіт, билікке адал көрінгенмен, кейбір елдерде осы ағым өкілдері қақтығыстарға қатысып жүр. Оның сөзінше, Қазақстанда мадхализмді ұстанатын шамамен 20 мың адам бар. Еске салсақ, Рүстем Жүгінісов бұған дейін бір реттік некеге байланысты шыққан дауда қызды кінәлап, кейін төрт әйел алғысы келетінін айтып сынға қалған.

♬ оригинальный звук - STAN KZ