@ara.media.kaz Ақын Біржан Қалдыбаев 500 мың адамның атынан Тоқаевқа жолдау жасады Әлеуметтік желіде Біржан Қалдыбаев есімді азамат Тоқаевқа жолдау жасады. Ол Жаппай көкпар федерациясы мен ат үстінде жүрген 500 мыңнан астам азаматтың атынан Тоқаевтың президент сайлауына қайта түсуін талап еткен. Ол Қазақстанды қалыптастыру жолында Тоқаевтың ауқымды реформаларды жүзеге асырып жатқанын айтты. Сонымен қатар басқа президенттің бейбітшілікті сақтай алатынына күмән келтіріп, Тоқаевты халықтың сеніміне ие деп сипаттады. Ол ұсынысты өз атынан ғана емес, Жаппай көкпар федерациясы мен ондағы 500 мың көкпаршының атынан жолдаған. Видеоны федерацияның ресми президенті Ғани Дирманов та бөліскен. Бұған дейін ақын Біржан Қалдыбаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты «нағашым» деп мақтап, оған өлең арнаған. Кейін қырғыз президенті ақынға тұлпар мінгізіп, қазақстандық депутат Аманжол Әлтаев ақынның әрекетін сынға алған еді. Еске салсақ, Тоқаевтың президенттік мерзімі 2029 жылы аяқталып, сол жыл сайлау өтеді. Ал президент былтырғы жолдауында 2027 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдум жасауға болатынын айтты. Қалдыбаев та Тоқаевты қайта сайлауды келер жылғы референдум аясында ұсынып отыр.
♬ original sound - Ara Media