@azattyqruhy_trend

Танымал актер Жахан Отарғалиевтің жары оған тосын сый жасап, жұбайын егіле жылатты. Бұл әсерлі сәтті актер өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Видеода жары: «Әрдайым сен мені қуантатын едің, енді менің кезегім», – деп, қымбат сыйлықтың қайда тұрғанын айтады. Оны алдымен үйіне жібереді. Ол жақтан Жахан «Бұл сыйлықты алу үшін жүгіруге тура келеді. Енді ресепшнға бар» деген хат алады. Ол жерден кішкентай қорапша алып, сыйлықтың көлікте екенін оқиды. Ол – көптен күткен Меккеге қажылық жолдамасы болып шықты. Оны білген Жахан көз жасына ерік беріп, еңіреп жылап жіберді.

♬ original sound - azattyqruhy_trend