@dr.zhan_saya

Көрші орыс апам тетя Галя кеше маған айтады “я хочу, чтобы после смерти меня вскрыли»😳. Себеп - тірідей көмілуден қорқу. Бұл классикалық «тірідей көмілу» қорқынышы — медицинада таппефобия (taphophobia) деп аталады. Ескі замандарда бұл қорқыныш жиі болатын, өйткені диагностика дәл емес, кейде кома немесе кататонияны өлім деп қате қабылдайтын жағдайлар болған. Сол себепті адамдар тірідей көмілмеу үшін: • денесін міндетті түрде вскрывать (аутопсия жасау) • немесе жүректі тесу, тамырын кесу сияқты «өлі екенін растау» тәсілдерін өсиет ететін. Орыс апам да осы себептен «өлімім нақты расталсын» деп айтып отыр. Қызығы, XIX ғасырда Еуропада арнайы «қауіпсіз табыттар» болған — ішінде қоңырау немесе түтікше орнатылып, егер адам оянса, сыртқа белгі бере алатын.

♬ оригинальный звук - dr.zhan_saya