@ara.media.kaz 🤫 Депутат Ермұрат Бапи әскердегі өлім-жітімді жүйеден емес, үйдегі тәрбиеден көрді. Өзгелер не дейді? «Түркияда ұлының қолтығына кебін қыстырып жіберген. «Сен өлсең, сұрауыңды сұрамаймын» деген. Осындай жалпы ұлттық тәрбиенің нышаны болған. Біз өзіміздің азаматтарды отан қорғауға, әскер қорғауға, ел қорғауға, еркек болуға дайындауымыз керек қой», — деген депутат. Ермұрат Бапи бұл пікірін әскердегі өлім-жітім жиілеген тұста айтты. Ол бұған дейін де осы сарындағы пікірлер айтқан. Ara Media тілшісі әскердегі ұлынан айырылған Сәуле Тілеубергеновадан, заңгер Инга Иманбайдан және блогер Жан Ахмадиден Ермұрат Бәпидің пікіріне қатысты ойын сұрап көрді 👀👉🏻 P.S 16 қазанда 2023 жылы әскерде жұмбақ жағдайда қаза болған Қайсар Сұлтановтың анасы мен заңды өкілдері тергеудің әділ өтуін талап етіп, баспасөз конференциясын өткізді. Видео осы жиында түсірілген.
♬ оригинальный звук - Ara Media