@ea_ernaraidar

Бір жыл болыпты, Әкешім үніңізді естімегелі, Айбатты кескініңізді көрмегелі...😭 Ия қатты сағындым😭😭 Қайтеміз, Алланың дегеніне көнеміз! ------------------------------- Аллаға шүкір . Әкемнің көзі тірісінде баршамыз қолымыздан келгенше ризашылығын алуға тырыстық, жетістіктерімізбен қуанттық, өмірде барлық жұмысты Әкеміздің ақ батасын алып бастайтынбыз. Өнерімді де Әкемнің ақ батасын алып, "Асыл әке" деген әнмен бастаған болатынмын, одан кейін " Жаным әке" деген әнде арнадым, барлық ән кештерімде орнынан тұрғызып рахметімді айтатынмын......😭 Әкешім бізге айтатын,мен сендерге ризамын балдарым деп. Әкешім біз сізге ризамыз, сіз біз үшін қайталанбас тұлғасыз🤲🥲 Әрқашан жадымыздасыз, дұғамыздасыз🤲🤲🤲🤲 ------------------------------- Кім ойлаған қапыда айырылып Әкешіме осындай ән арнаймын деп. Ертелі кешпе өлім ақиқат екенін білсемде, сәл ерте кетіп қалды ау деген пенделік ой өзегімді өртейді...😭 Күпірлік етпеймін, Аллаға шексіз шүкір деймін. Я Жаратқан Алла әкешімді рахымыңа алып, Фирдаус жәннәтін нәсіп ете көрші🤲🤲🤲 Қалғанымызға, Анашыма, барлығымызға,Алла ұзақ ғұмыр берсінші деп тілеймін🤲 --------------------------------- Былтыр 27.12.2024ж сағ 15:00де Әкешімді жер қойнына тапсырған болатынбыз. Бір жыл өтіп, міне бүгін 27.12.2025ж сағ 15:00 де әулетімізбен жиналып құран бағыштап, қанша ауыр болсада "Әкеге сағыныш" деген ән жазып, бейнебаян түсіріп, балалық ақ жүрегіммен марқұм Әкеме арнадым.😭😭 Менің Әкем өлген жоқ, мен сеземін әрқашан мені қолдап қорғаштап жүретінін. Өнерімде үзіліс болғаны рас, осы әніммен Әкемнен ақ бата сұрап, еңсемді көтеріп, төбеден қарап тұрған Әкемді де, қазір сәт сайын дұға етіп, тілеуімді тілеп отырған Анашымды да, бауырларымды да,әрқашан қолдау көрсетіп жүретін тыңдармандарымды да, алдағы уақытта жақсы жаңалықтарыммен қуантамын деген жақсы ниетім бар🤲 Менің жанашырларым, тыңдармандарым баршаңызға мың алғыс. Сіздердің қолдауларыңыз маған үлкен шабыт✊ Баршаңызға амандық тілеймін🤲 Баршамызға Алла жар болсын🤲 Бейнебаянды толық Ernar Aidar ютуб каналымнан көріп тыңдай аласыздар!

♬ оригинальный звук - ERNAR AIDAR