@kaisar_production 2000 жылдары қазақ эстрадасының ең жарқын жұлдыздарының бірі болған Нұрлан мен Мұраттың әндері талай тыңдарманның жүрегінен орын алды. Бүгінгі жастардың өзі олардың әндерін сүйіп тыңдап, бірге шырқап келеді. Бұл – нағыз өнердің өміршеңдігін көрсететін үлкен жетістік. Нұрлан ағам – сыйласқанға шынайы сый көрсете білетін, ағаны ағадай, бауырды бауырдай құшағына басатын, жаны аппақ, кең жүректі азамат. Осындай асыл жанмен сыйлас болғанымды мақтан тұтамын. Бүгінде жүрегіне кардиостимулятор қойылғанына қарамастан, өнерден қол үзбей, халықтың ортасында ән айтып, елге көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүр. «Халықтың ықыласын сезініп, ән айтып жүрсем болғаны» деген ниеті – нағыз өнер адамына тән қасиет. Алла Тағала деніңізге саулық, ғұмырыңызға береке берсін! Ауырмай-сырқамай, ортамызда аман-есен жүріп, 100 жасқа дейін халқымыздың ықыласына бөлене беріңіз, Нұрлан аға!#қазақстан🇰🇿🔥 #rek #жаңаарқа ♬ оригинальный звук - Сейпішов Қайсар