@adildikuni.kz Түркістан облысының білім басқармасы нақты жауап берер ме? Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарының бірінде түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларда білім ошағында орын алған жағдайға қатысты түрлі пікір айтылуда. Алайда әзірге бейнежазбада көрсетілген мектептің нақты қай ауданға қарайтыны және оқиғаның қашан болғаны жөнінде ресми ақпарат жоқ. Осыған байланысты қоғамда бірқатар сұрақ туындап отыр. Бұл қай мектеп? Оқиғаға кімдер қатысты? Білім беру ұйымының басшылығы қандай шара қабылдады? Оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіле ме? Дереккөз: Erjan Sultanmurat, Facebook әлеуметтік желісі
♬ оригинальный звук - АШЫҚ АҚПАРАТ-ӘДІЛДІК ҮНІ 🛑