@aigul_imanbayeva Менің өмірім сіздердің көз алдарыңызда өтіп жатыр🥰 4-5 жасар бала күнімде ата-анам екі жаққа кетті.Мұны «артық драма» дерсіз, бәлкім. Бірақ арада 40 жыл өткенде, мен әкеммен қайта қауыштым🥺Сол сәтте ғана екі қанатым түгенделіп, жүрегім толыққандай күй кештім. Егер сіздің де басыңызда осындай өкініш пен өкпе болса, менің тағдырым сізге сабақ болсыншы🙏Кеш болмай тұрғанда, ата-анаңыздың көзінің тірісінде жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз. Кешірім сұрап та үлгеріңіз🥹 Себебі шынайы кешірім, адамға шексіз бақыт пен жан тыныштығын сыйлайды.
♬ оригинальный звук - Aigul_Imanbayeva