@ordaqazaqs Алматыда 19 мамырда жоғалып, кейін мәйіті табылған 26 жастағы Ерзат Егізбайдың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Марқұмның анасы Талша Құсайынова айтуынша, ұлын қасақана өлтіріп кетті. Оның айтуынша, жарты жыл бұрын ғана отау құрған жігіт жақында әйелінің жүкті екенін біліп, әке атанатынына қатты қуанған әрі болашаққа үлкен жоспарлар құрған. Ерзат 19 мамыр күні жұмыс орнынан дүкенге сұранып шығып, қайтып оралмаған. Оның автобуспен Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылына қарай кеткені анықталды. Телефоны да соңғы рет сол маңда сөнген. Кейін жігіттің денесі су жағасынан табылды. Жақындары марқұмның жаман әдеттерден аулақ, тәртіпті азамат болғанын алға тартады. Қазір полиция бұл жұмбақ өлімнің нақты себебін тергеп жатыр.
♬ оригинальный звук - ORDA