@qazaqstan.tv_

Атыраудың әжелері Мақпал Жүнісованы «келініміз» деп жүрген «Бәрекелді» бағдарламасында қонақ болған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сембек Жұмағалиев «Ғашықтар жыры» әнінің жарыққа шығуы туралы айтып берді. «Кеңес аға Нағима Есқалиева екеуің орындаңдар деді. Бірақ мен әннің сөзі Нағимаға келмейтінін айтып, бас тарттым. Басқа кім бар дегенде, «Гүлдер» ансамбліне келгеніне бір жылдай ғана болған Мақпал Жүнісованы ұсындым. Мақпал екеуміз әнді бір аптадай жаздық. Сиясын кептірмей, «Тамашаға» алып бардық. Ән хит болып кеткен соң, Атырау жақтың әжелері «Мақпал – біздің келініміз» деп жүрді, - дейді әнші. Бағдарлама жексенбі 21:45-те «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

♬ оригинальный звук - «Qazaqstan» телеарнасы