@myktykyz0 🕌 Құрметті Бас мүфти Наурыз Ержан мырза! Шардара ауданының халқы атынан ауданымыздың имамы туралы бірнеше сөз айтқымыз келеді. Біздің имамымыз осы уақытқа дейін елдің бірлігі мен тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Қиын сәттерде халықтың жанынан табылып, мұқтаждарға қолдау көрсетіп, шәкірттер тәрбиелеп, жамағат арасында сый-құрметке ие болды. Бірер адамның жалған сөзі мен өсек-аяңына қарап, елдің еңбегін жоққа шығармағандарыңызды қалаймыз. Имам – халық пен Алла арасындағы дәнекер, оның абыройы — бүкіл жамағаттың намысы. Сондықтан Шардара халқының, қазыналы қарттардың және жамағаттың үнін ескеріп, әділ шешім қабылданарына сенім білдіреміз. Ізгі тілекпен, Шардара ауданы халқының атынан
♬ оригинальный звук - Тагаева Замира Шардара блогер