@orkenkenzhebek ✌🏿Уф! Жеттік-ау осы күнге! Жаңа пәтеріме 4 шілдеде кіріп, алғаш қонған едім. Он күн өтсе де әлі ес жимай жатырмыз, шыны керек. Бұйырса ертең үшінші дастарханды жайғалы отырмыз дос-жаранға. ✌🏿Сонымен ремонттан аз-маз қисап: 327 күн жалғасты (Былтыр 12 тамызда бастаған-ды) 25 елдің бренді жиналды (менің әлсіз тұсым) 58 млн 976 мың 289 теңге 30 тиын қалтамнан шықты 17 600 000 теңге - ең үлкен шығын корпустық мебель үшін 19 млн 359 мың 997 теңге - жеңілдік/жарнама есебінен 2 135 727 теңге - ең үлкен жеңілдік ламинаттан 24 млн 529 мың 524 теңге - достарымның сыйлығы 1 850 000 теңге - ең үлкен сый Сырымбек ағамнан болды 102 млн 865 мың 810,3 теңге - жалпы шығын сонда ✌🏿 Иә, 11 айдай жасау - ұзақ. Бірақ, Маруфжонның жалғыз жұмыс істеуі, оның мамасы ауырып, Наманғанға жедел ұшып кетуі, мебель компаниясымен 1 айдай келісе алмау созды графикті. Иә, 103 млн теңге көп ремонт үшін. Бірақ, “ұнаған затыңды беймарал ала бер, біз бармыз” деген достардың демеуі ханға сәлем бергізбеді) Бұл да өмірдің күшті тарауы болды. Бәріңізге мен секілді жайлы әбігер тілеймін! #kazakhstan #love #kazakh #қазақстан #ремонт #өркенкенжебек #fyp ♬ оригинальный звук - Orkeni