@qazaqstan.tv_

Тұңғышбай Жаманқұлов: Әр адамның жеке өмірі құпия болуы керек Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов «Таңшолпан» студиясында қонақта болды. «Қазақ деген халықтың есігі ашық болса да, ері мен әйелі шымылдық ішінде отырады. Сондықтан жеке өмір құпия болуы керек. Біз ондай нәрсені жария еткенді ұнатпаймыз. Елдің алдында болу – сахна мен экрандағы рөліміз арқылы көрінсе, сол біз үшін абырой», – деді Тұңғышбай Жаманқұлов. Сұхбаттың толық нұсқасын Qazaqstan TV You Tube арнасынан көре аласыздар!

♬ оригинальный звук - «Qazaqstan» телеарнасы