@halyquni СҰМДЫҚ ❗️ «2 жастағы қызымды көздеп тұрып мүшесін…»: Алматыда ана ер адамның сорақы әрекетін жария етті Алматыдағы Арбатта 2 жасар қызға қатысты сорақы әрекет жасалды. Бұл туралы қала тұрғыны Венера Сәбит әлеуметтік желіде жазба қалдырып, болған жағдайды минутына дейін баяндады. 🟨 Оқиға 21 қараша күні, шамамен 19:50-де болған. Венера балаларымен Арбатта көшк музыканттарын тыңдап тұрған кезде бейтаныс ер адамның оғаш қылығын байқап қалған. 💬 «Арбатта, ЦУМ маңында балаларым музыканттарды қарап тұрған. Сол кезде бір ер адам 2 жасар қызыма қарап тұрып, қолымен мүшесін қоздырып жатқанын көрдім. Бұл соншалықты жиіркенішті болды. Бір сәтке не айтарымды білмей қалдым. Денем дір етіп, қорқыныш пен ашу қатар келді. Тек коляскамен итеріп жіберіп, жақын тұрған полиция бекетіне жүгірдім. Бірақ пост бос тұр екен. Жарығы жанып тұр, ал ішінде бірде-бір полицей жоқ. Телефон соқтым, бірақ тек 40 минуттан кейін ғана учаскелік келді», — дейді Венера. Оның айтуынша, оқиға кезінде жақын маңда бірде-бір патруль полиция болмаған. Бекетке жауапты қызметкер тіпті сол постта кім тұруы керектігін білмеген. 🟨 Оқиғаға байланысты Венера Алматы полициясына, ІІМ басшылығына және қала әкімдігіне сұрақ қойып, Арбат сияқты халық көп жиналатын жерде неге тұрақты патруль жоқ екенін сұрады. Ана бұл жағдайды жариялау арқылы басқа балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтты. 🟨 Желі қолданушылары бұл оқиғаға ашық түрде наразы болып, қауіпсіздік мәселесін көтере бастады. Көпшілік Арбатта, саябақтарда, ойын алаңдарында тәртіп сақшыларының санын көбейтуді талап етуде. 🟥 Айта кетейік, ананың айтуынша, оқиғаға қатысы бар ер адам осыған дейін арнайы медициналық есепте тұрған, сол себепті іс «жауапкершілікке тартуға жатпайды» деген негізбен сол күні-ақ тоқтатылған.
♬ оригинальный звук - ХАЛЫҚ MEDIA