Елдос Сметов фильм түсіргісі келетінін айтты

0
87

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты, — деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы  Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Дзюдошы бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бұл тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Менің басымнан өткерген қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр», — деді ол сұқбатында.

Фото интернеттен алынды.