Қазақтың басына күн туса, қасынан табылатын бауыры бар ма?

0
1065
Жалпы, түркішілдігім қозып, жан — жағымдағы түрік халықтарының бәрін жақсы көріп, солардың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жазбалар жазып есіре бастасам, әрдайым ішімде бір дауыс үн қатады да тұрады.
Оған амалсыз құлақ түремін, өйткені оны елемеуге болмайды, өзі мірдің оғындай сөз айтады.
Ол дауыс былай дейді:
— Олжас — ай, сенің түрік — сүрік, тұран бірлігі деп жүргенің негізі қырт әңгіме.
Әй шалағай бала — ау, бәрін айт та бірін айт деген, мен саған мынаны айтайын:
сен одан да қазақтың басына күн тумасын де, оның басына күн туса, оның қоңсысынан қасында ешбір жанашыры болмайды.
Ана Украинаңа қара, ол — бақытты, осы тауқыметте оған бауырлас польшасы да басқасы да дәліз боп қаруын жөнелтіп, ақшасын да беріп күшті жәрдемші боп отыр.
Ал сенің басыңа күн туса ана орта Азияңдағы қардештерің орыстың столға бір ұрған жуан жұдырығынан сескеніп сенің ауызыңа су татыра ала ма екен. Сен деп өліп өше ала ма, әлде басыңа іс түссе «шоқ шоқ бәлем, өзіне сол керек» деп табалап отыра ма екен.
Ол ол ма, ондай жағдайда тіпті сен бауыр деп жүрген көршілерің, онсыз да қансырап жатқан қазақтың басынан теуіп, бүйірін соғып, басқыншы бөліп тастап әлсіреп қалған қазақтың жерін бөле иемденіп, басқасын басып, оған зиян жасамаса нетті.
Ондай жағдайдың орын алуы мүмкін бе, соны айтшы түркішілім? Меніңше әбден мүмкін.
Ендеше сенікі не қыртыған түркішілдік?
Одан да көкем, майлы жеріңді қыс та, өз мемлекетіңді нығайт, саныңды көбейт, экономикаңды көтер, еліңді іргелі ел қыл, сол кезде ғана өзге кардешің де, жардешің де сені айналып маңыңнан шықпай қояды.
Ал былай сенің мына жалаң түркішілдігің бір қырт нәрсе » дейді ішімдегі анау дауыс, өзі — қиқар, қияс, бұндай бірлікке сенбейді..
Мен негізі бұл пікірді қолдамаймын, бірақ іштей ол дауысты елеп — ескеріп жүремін.
Олжас  ӘБІЛ, саяси сарапшы.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.