«Мәхр» деген қазақтың «қыз ақысы» ма?
Семей қаласындағы Тінібай мешітінде сақталған түркі тілінде жазылған 18 ғасырмен мерзімделетін қолжазбада мұсылмандарға қатысты әдептер жазылған.
Сол қолжазбаның ажырасу туралы бөлімінде «Қыз ақысы» деген сөз қолданылған. Қолжазбада «қыз ақысы» күйеу жігіттің некеге дейін қалдыңдыққа беретін сыйы деп көрсетілген.
Қазақстан дін істер басқармасының сайтында: «Мәһр – күйеуінің мойнына жүктелген әйелдің алатын ақысы» деп көрсетілген.
Осы ретте «қыз ақысы» дегеніміз бүгінгі біздің қоғамда қызу талқыланып жатқан маһрдің қазақша атауы деп санауға бола ма?
P/S. Біздің үйлену дәстүрімізде «ана сүті» ақысы деген бар.
Айдын ЖҮНІСХАНОВ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен алынды.