…қазақ ұялуды ұмытып барады

0
814

Қазақта ұят бар еді… Ұят бар кезде дін де, діл де, тіл де, ар-намыс та, иман да бар еді.

Қазір көп қазақтан ұят қаша бастап еді, бәрі жоғалды.

Ұл байлаусыз, қыз бетімен кетті. Ағайын туыстан сырт айналдық..

Арсыздық белең алды, ұятсыздық сәнге айналды.

Кеше бір жерден оқыдым қазақтың екі егіз қызы Белорустың екі егіз жігітіне тұрмысқа шығыпты. Екеуі мәз. Бақыттан бастары айналып тұр. Ұяттан жұрдай. Тілдері орысша.

Мұхтар Шахановтың «Мен қыз үшін ұялдым» деген өлеңі есіме түсті.

Иә, қазақтың ұятсыз қыздары кімге тимей жатыр. Ата -ана, ағалары, бауырлары қайда қарап отыр? Мені осы толғандырады!!!

Мұның бәрі ұяттың жоғалуынан. Намыстың жер болуынан…

Абай өзінің бір сөзінде «Ұят кімде болса, иман сонда» деген хадисті келтіреді. «Өлімнен ұят күшті»  деген  даналық әр қазақтың жадында жүрсе деймін!

Әйтпесе ертеңіміз қорқынышты!

Себебі қазақ ұялуды ұмытып барады…

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.