«Кәріске күйеуге тиген қазақ қыздары өз жерлестерін қорлайды» дейді блогер

0
429

Әлеуметтік желіде кәріс жігіттермен бас қосқан қазақ қыздарының сорақы әрекеттері туралы блогер жігіт ащы шындықты айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Кәріске күйеуге шыққан қазақ қыздары өз жерлестерін қорлайды, кемсітіп, езеді. Иттің тірлігін жасап жүр. Кәрістің күшін пайдаланып, жерлестерінен жайлы жұмысты қызғанып, зауыттарға тек өз адамын тығады, жұмысқа алғаны үшін ақша алады, ақша бермесе, депорт жасатам деп қорқытады.

Қыздар, көздеріңді ашсаңдаршы! 2021 жылы кәріске күйеуге тиген Қызылорданың қызы қайтыс болды. Мәйітін жууға біз кірдік, аққа орадық, үйіне шығарып салдық. Қыз асылып өлген. Күйеуі жұмыс істемейсің деп қысым көрсеткен.

Кәріске тисем, үйінде тамағын істеп берсем, болды деп ойламаңдар! Кәрістің еркегімен бірдей ақша табуың керек. Тіпті кафеде жеген тамақтың ақшасын бөліп төлейсің.

Талай кәрісті көрдік. Қазақ әйелі өлсе, «бұл әйелден ажырасқанмын, танымаймын» деп тайқып шығады. Ал сендер кәріске тиіп алып, жұмыс іздеп барған қазақстандық азаматтарға кесірлеріңді тигізіп, кедергі келтіріп жүрсіңдер.

Қыздарымызға қоқан-лоққы жасап, қорқытасыңдар. Отбасын тастап, шекара асып ақша табам деп барғандарға бұлай иттік жасауды қойыңдар!»-деді блогер.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.