Біздегі гомосексуалдарға мемлекеттің ақшасынан миллиондар бөлінуде

0
521

Қолдарыңызға калькулятор алып алыңыздар. Есептен жаңылысып қалмас үшін. Өйткені көбіңіз мұндай мәліметті естімегенсіздер. Тілдеріңіз күрметіліп қалуы мүмкін. Дайынсыздар ма, онда бастайық.

Қызылорда облысында СПИД-тің алдын алуға және гомосексуалистерге (еркекпен еркек дегендей ғой) 2023 жылы 279 мың мүшеқап сатып алынған.

Бұған 7,5 млн теңге жұмсалған. 3 жылдың ішінде (биылды есептемегенде) 617 мың презерватив 19 млн-нан астам теңгеге сатып алынып, болжаммен тегін таратылған.

Мұны бір деп қойыңыз. Енді шприцті есептейік.

2023 жылы 408 мың шприцті 6,1 млн теңгеге, 3 жыл ішінде (2024-ті есептемегенде) 1,3 млн-ға жуық шприцті 24 млн теңгеге сатып алынып, болжаммен тегін таратылған.

Гомосексуалистер үшін смазкалар (лубрикант) да сатып алынады екен мемлекет қаржысына. Оны да есептейік.

81 мың лубрикантқа 10 млн 530 мың теңге, 3 жылдың ішінде 155 мың лубрикантқа (смазка) – 24 млн 140 мың теңге қаражат бөлінген.

Оларға салфеткалар да тегін беріледі екен ғой. Спиртті және жәй болып бөлінеді салфеткалар. Соның екеуі де сатып алынған. 3189 салфеткаға 9,6 млн-ға жуық ақша жұмсалған.

3 жыл ішінде (биылды есептеменде) 553 мыңнан астам салфетка 12,7 млн теңгеге сатып алынып, болжаммен тегін таратылған.

Дәл осы тақырыпты былтыр Ляззат Бактибаева көтерген. Ол арнайы пункттерде таратып жатқан презервативтер — техникалық ерекшелікке сай Қытайдың латексті презервативі емес, «UNFPA» логотипы бар Біріккен Ұлттар ұйымының онсыз да тегін таратылуы көзделген презервативтер екенін жазды. Ал смазка, салфетка таусылған, шприцтер де талапқа сай емес деген болатын.

Сонда млн-даған ақшаның ізі қайда? Мүшеқап, смазкалардың сатып алынғанына, тегін таратылғанына дәлел бар ма?

Әрбірден соң әлгілер халықтың салығының есебінен ләззат алып жатыр ғой, қаржының қайда қалай кетіп жатқанын білулеріңіз керек шығар. Жалпы сондай дүниелерге мемлекет қаражатын шығындау қаншалықты орынды?

Ләззат ханым өткен жылы осы сұрақтарға жауап ала алмап еді, биыл құзырлы орындар “назарға алынды”, “заңға сәйкес қаралды”, “түсіндірме жұмыстары жүргізілді” деген жаттанды сөздерін сәл-пәл кеңірек тарқатып жазып береді деп үміттенеміз.

P.S. Ал 2024 жылдың есебін 1 желтоқсанда талқылайық.

Қожахмет КЕҢЕСБЕКОВ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.