«Еркек әр уақытта прав!» деген апамыз 8 наурыз әйелдердің орамалын шешкен мейрам дейді (ВИДЕО)

0
305

ТикТок әлеуметтік желісінде Venera атты желі қолданушы таратқан видеода қазақтың кимешекті апасы орамалға қатысты діни уағыз айтуда деп жазады Democrat.kz.

«Бізге орамал о бастан парыз екен. 8 наурыз сол орамалымызды шешіп тастады. Намаз, құдай дегенді жоқ қылды. Сөйтіп уралап орыстың тәрбиесін алдық», — деген апамыз әйелге орамал қалай тағылғанын баяндайды.

«Алла-тағала адамды жаратқан соң, оған серік ретінде оң қабырғасынан кесіп алып, әйелді жаратты. Әйелді отырғызып қойып, басына орамал тақты. Сонда адам ата сен кімсің дегенде, әйел мен сіздің қисық қабырғаңызбын дейді. Еркекпен қатарласып жүрмеңдер, бір қадам артта жүріңдер. Еркек — әр уақытта прав! Еркегіңіз риза болса, сіз жәннаттық боласыз», — деді кимешекті апамыз.

Фото видеодан скринделіп алынды.