«Маған жын ғашық болды» дейді тиктокер қыз (ВИДЕО)

0
279

ТикТок әлеуметтік желісінде жеке өмірі туралы баяндаған Динара Абдоллақызы қызық құбылыс туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Тұрмысқа шықпаған қыздарға жын-шайтан ғашық болады дегенге мен басында сенбеп едім. Алланың қалауымен Қызылордаға қайтатын болып, жолға шыққам.

Қасымдағы жолсерігім үлкен жастағы апа «қызым, сен ажарлы екенсің, бірақ жүзің қарайып кетіпті» деді. Өләәә, ол қалай қарайып кеткен десем: «Саған жын ғашық болған. Сен баяғыда күйеуге тиюің керек еді.

Бірақ жын саған келген жігітті жаман қылығыңды көрсетіп, сенен жігітті қашырып отырған» деді. Жын өзі ғашық болған қыздың ішіне кіріп алады екен» деген тиктокер қыздардың тұрмысқа шықпауы мен жігіттердің үйленбей жүріп алуын жынның ғашық болуымен байланыстырды.

Фото видеодан скринделіп алынды.