«Хасан Хутор» ұсталды

0
80

Атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды. Полиция осыдан үш жыл бұрынғы істі архивтен аршып алды…

«Хутор» ОПГ-сымен байланысы бар делінген Хасан Қасымбаев ұсталды. Алматы облыстық полиция департаменті Қасымбаевты 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша құрықтағанын хабарлады.

Департамент мәліметінше, Қасымбаев А. есімді азаматқа қасақана ауыр зиян келтіріп, оны үптеп-түптеп кетті деген күдікке ілінген. Бұған дейін Orda порталына берген сұхбатында Қасымбаев «заң алдында кінәсіз екенін» айтып, ант-су ішкен еді.

Қасымбаевқа қатысты іс материалдары бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жолданған. Тергеу амалдары облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне қатысты бірқатар БАҚ Қасымбаевты «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланыстырған.

Кейін Orda-ға сұхбат берген Хасан әлгі ОПГ-мен еш байланысы жоқ екенін, Шерзатты танымайтынын мәлімдеген.

Сонымен қатар, өзіне қарсы жасалған шабуылдың астары барын айтқан. Оның ойынша бұл істің артында белгілі бір күштер тұруы ғажап емес.

Шерзаттың ісін сәл шегере тұрып бүгінгі жайтқа назар аударайықшы:

1️⃣ Әдетте адам өміріне қауіп төндіретін қылмыс дер кезінде тергелуі керек.

Ендеше Қасымбаев неге қазір ғана ұсталды? 2021 жылы жасалған қылмыс бойынша күдіктіні үш жылдан кейін тұтқындау нені білдіреді?

Осыдан үш жыл бұрынғы оқиғада  Қасымбаевты арашалау үшін жергілікті билік органдарына, соның ішінде полиция мен сотқа қысым жасалуы мүмкін бе?

💬 Полицияға осы уақыт бойы нақты дәлел жинау қиынға түсті ме, әлде бұған басқа саяси не әлеуметтік себептер бар ма?

«Хутор» ОПГ-сымен байланысы жоқ екенін дәлелдеудің нақты механизмдері қандай? Бұл топпен байланысы бар не жоқ екені нақты зерттелді ме? Қасымбаевтың өзін ақтауға арналған дәлелдері жеткілікті ме, әлде оның сөздеріне ғана сеніп отырмыз ба?
Фото интернеттен алынды.