Яссауидің кім болғаны, діни уағызы аш халыққа керек пе?

0
777

Қазір мені талайсыздар. Біліп отырмын. Негізі мені ұната бермейді көпшілік.

Түрім де келіспей қалған. Менің түрімді мүфтият проектісі Берік Ислам жақсы таниды.

Адамдарды қойш қазір экстремизге қарсы күрес бөлімі деген мекемеге де ұнап жүргенім жоқ-ау.Жиі келгіштеп жүр.

Қысқасы айтпағым:

Жақында «Ихсан және Яссауий ілімдері»деген атпен форум өтті.

Дұрысақ,өткенді саралау тарихқа құрмет делік.

Рухани азық деген желеу және бар.

Десек те дәл қазіргі даму кезеңінде,нанотехнологиялармен ілгері басу заманында сол Яссауий ілімінен қазаққа келер конкретно бір пайда барма екен?

Қожа Ахмед Ясауий 10 ғасыр аяғында дүниеге келген тұлға.

Біреулер оны сопылық ақын біреулері тіпті ғалым деп жүр.

Анығы ол кісі таза дін таратушы миссионер сипаттағы адам болған.

Диуани хикмет кітабын жазуы соның нақты бір дәлелі.

Ғибрат та, білім де тек исламнан, исламсыз өмір жоқ деген қағиданы қатаң ұстаған.

Бірақ «Диуани хикмет» кітабының түпнұсқасы әлі күнге дейін табылмай отыр.

Яссауйдің қай ұлт екенін де ешкім дөп басып айта алмайды.

Тек сандырақ.

Біреулері парсы,біреулері арабтан шыққан қожа,енді біреулері таза тәжік деген болжаммен ғана шектелуде.

Ұстаздары да сол араб,парсылық кірмелер болғанын тарих жоққа шығармайды.

Түйін:дін насихаттаушы,діншіл ақын(сопылық ақын деу қате пікір.

Сопылық танымда ақынға құрмет болмайды, ғибраты дамушы қазақ елін тығырықтан алып шыға алама?

Әрине жоқ!

Биліктегі,ақ ордадағы,сенаттағы нән көкелер қиюы қашып кредиттен қажыған қайран елге әзірге рухани азық демеу болмайды.

20миллион халыққа керегі 169 олигарх крокодилдердің,»Аманат” партиясында отырған өздері қартайса да, тізгінді ұл-қыздарынан,жақындарынан басқаға бермейтін,Назарбаев атамыздың қолын сүйіп ант етуші атжалман жемқорлар(бәрі емес шығар,бірақ 90%) сияқты шалқып өмір сүру емес,адам сияқты,ертеңгі күнім не болар екен деген қорқынышсыз өмір керек!

Әл ауқаты мен,уайымсыз бақытты болашақ керек!

Осындай өзекті проблемдерге бір жерлеріңізді жыртыңыздаршы нән көкелер.

Яссауий қашып кетпес…

Қанат ТАСТЫБАЙҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.