Екі баланы зорлаған күдіктілер ұсталды

0
38

Павлодар облысы Майқайың ауданында сұмдық оқиға болды. Екі ер адам 13 және 15 жастағы екі баланы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенованың ақпаратына сүйенсек, екі күдікті де ұсталып, уақытша қамалған.

«Павлодар облысындағы аудандардың бірінде екі балаға қатысты сексуалды сипаттағы әрекет туралы мынаны хабарлаймын: қазір балаларға және оның жақындарына психологиялық қолдау көрсетіп жатырмыз. Екі күдікті ұсталып, қамалды», — деп хабарлады Сәуле Шәкенова.

Azattyq Rýhy агенттігі облыстың полиция департаментінен осы фактіге қатысты ақпарат күтіп отыр. Зорлық көрген бір ұл мен бір қыз баланың жастары – 13 және 15-те.