ТикТок-та «қыздық» сатылып жатыр

0
327

ТикТок әлеуметтік желісінде soblazyn-saryagash атымен тіркелген парақшада кісі ұяларлық заттар сатылуда деп жазады Democrat.kz.

Атына қарағанда, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының бір тұрғыны ашқан парақша болар деп болжадық. Жарнамасының өзі жер жарады екен.

«Қыздық келді, қыздар! 100 пайыз гарантия. Күйеуге шығайын деп жүрген қыздар, хабарласыңыздар. Екі жылдан бері сатып жүрміз, алған қыздардың ешбірі өкінген емес. Бақытты болып, күйеуге шығып, бақытты келіншек болып жүр», — дейді «қыздық» сатушы.

Сатылып жатқан «қыздыққа» қатысты жұрттың пікірі тіпті қызық екен. «Бірнешеуін сатып алып, күнде «қызбен» жатайық та», «балаларымды тастап, қыз болып тағы күйеуіге шығайын ба?», «осыдан кейін қыздарға қалай сенеміз?», «үйленбеймін, таза қыз жоқ», «жасым 50-де, маған керек», «қыздық салдырып, байға тиіп, қалыңмалының ақшасын алып кетейін бе?» деген сынды пікірлер жазған жұрттың көбі «мынадай нәрсені сату — ұят» десуде.

Фото видеодан скринделіп алынды.

@

♬ —