«Мені алып кететін ешкім жоқ» деген актер ауыр тағдыры туралы айтты

0
12069

Аңыз актер Асанәлі Әшімов балалық шағы жайында сыр шертіп, мәңгі есінде қалатын күн туралы айтып берді. Өнер иесі оқушы кезінде басынан өткен жағдай өзін бір түнде есейтіп жібергенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асанәлі Әшімов балалық шағы туралы естелігін Дулат Тастакеевке берген сұқбатын айтты. Өнер иесі қыс түскен кезде мектеп жалғыз қалып қойып, өзінің жетім сезінгенін жасырмады.

«Соғыс жылдары аяқ киім жоқ. Бар болғанның өзінде қыста киеміз деп сақтап қоямыз. Суықта ғана киеміз. Жаз-күз айларында жеңіл бәтеңке киіп барамыз. Кейде жалаң аяқ та жүре береміз. Бір күні күздің аяғына қарай мектепте отырғанда қар жауып кетті. Көзді ашып-жұмғанша айнала ақ мамыққа оралды. Сыныптастарымыздың ата-аналары келіп, балаларын алып кетті. Менің алып кететін ешкім жоқ. Сол түні мектепте қонатынымды сездім. Ол кезде от та жақпаған. Айтқанымдай, мектепте түнеп шықтым. Партаның үстінде отырдым. Менімен ешкімнің ісі жоқ. Түнімен неше түрлі қорқынышты дүниелер көз алдыма келді. Алағызып, елегізіп қатты қорықтым. Сол түн мені есейтіп жіберді. Жетім екенім есіме түсті. Артымда жанашыр адамым жоқ екенін ұқтым. Өмір деген осы екен ғой деп ойладым», — деді актер.

Фото интернеттен алынды.