Қырғыздар астанасын басқа қалаға ауыстырмақ

0
129

Бұл бастаманы бұрынғы Премьер-министрдің інісі, депутат Бақытбек Марипов жариялады деп жазады Democrat.kz.

24.kg хабарлауынша, ол елорданы Бішкектен басқа қалаға көшіріп, сонда бірден Үкіметті орналастыру керектігін айтты.

Бұған дейін Марипов Бішкекте баспана бағасының тым қымбаттап кеткеніне, бұқара онда үй таба алмайтынына шағымданған болатын.

«Мен астанамызды басқа жерге көшіруді ұсынамын! Бішкекте тіпті екі басты мэр пайда болса да, ол көлік тығынынан, шаһарды тұмшалаған түтінді тұманнан құтыла алмайды. Сондықтан осы мәселені қарастыру керек. Ыстықкөл облысында жаңа Асман қаласы тұрғызылып жатыр. Оның құрылысына 10 миллиард доллар инвестиция тартылуда. Ал, теміржолды Бішкектің сыртына көшіру үшін ғана 550 млн доллар талап етілмек. Бұған қоса, айналма жолды салу үшін 1 миллиард доллардан астам қаражат қажет. Оның қажеті не? Егер астананы ауыстырып, оған Министрлер кабинетін көшіріп тастасақ, Бішкекте кептеліс мәселесі өздігінен шешіледі», – деп мәлімдеді халық қалаулысы.

Жалпы, Қырғыз Республикасының астанасын көшіру мәселесі бұрыннан қарастырылып жатыр. Мысалы, 2021 жылдан бері бастамашыл топ оны шекара жақтағы Ош қаласына қоныс аудартуды ұсынды.

Фото интернеттен.