«Лағынет-намазы» үшін жұрттан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде сиқыр, тіл-көзден емдеу жолдарын айтып, емдеп жүрген Нұрбол Құсайынұлы жұрттан кешірім сұрап видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Қарапайым халық артық шығынданбасын, бақсы-балгерге барып, алданбасын, ширкке кірмесін деген жақсы ниетпен үй жағдайында тіл-көзден, дуа-сиқырдан емделсін деген оймен «Лағынет» намазы туралы ақпарат таратып едім» деген емші-діндар «Лағынет» намазы туралы түсінік берді.
Емші-діндардың сөзіне сенсек, «Лағынет» намазын оқу арқылы тіл-көз, дуа-сиқырдан құтылуға болатын көрінеді. «Бұл намаздың түбін түсінбей, бізді кінәлап жатқандар, ғайбаттап қойып жатқандардың күнәларына себепші болғанымыз үшін сіздерден кешірім сұраймыз», — деді емші Нұрбол Құсайынұлы.
Фото көрнекілік үшін.
@ruqiya.kz Біз сіздерден кешірім сұраймыз Құрметті бауырлар, біздің соңғы видеоларымыздың бірі үлкен резонанс тудырған болатын. Осы тақырыпты қайтадан аша кеткенді жөн санадық. Бұл видеода намаз бойынша түсіндіріп және қандай аят пен хадиске сүйене жасап жатқанымызды айттық. Байқасаңыздар барлығы шариғат шеңберінде екенін көресіз. Бауырлар, біліп және білмей күнә жасаудан аулақ болайық. Алла жақсырақ білуші