Қазақтар Ислам дініне қарсы ма?

Мүлдем қарсы емес, қазақ тілділер Алланы да мойындайды . Қазақ арапқұлдыққа қарсы ,осы арасын толық ажыратып түсіну керек.
Қазақ атам заманнан Алласына сенеді ,ата баба аруағына сенеді ,баласын ұят болады деп тәрбиелейді.
Қазақ араптардың ілімін түсінбейді ,себебі оның тілін білмейді . Ал мына дүмше молдалар өздері тілді дұрыс білмей сөздерді жаттап алып оны бізге әкеліп тықпалайды және әлгі білімдар ұстаздарының көбінің әңгімелері өздерінің ойдан қосып алған ақымақ жастарды қызықтыратын қияли әңгімелер.
Біреулер қазақ жастарына діннен гөрі білімге ұмтылу керек десең ,екеуі бір біріне қайшы емес деп өзеурейді ,бірақ өмірде дін жолына түскен жастардың біліммен ,ғылыммен айналысыпайтынын көріп отырмыз ,себебі оған уақыттары да мүмкіндіктері де ,тіпті құлықтары да жоқ.
Дінді білу үшін арапша үйрену керек ,ал арапша үйренгесін ол ұстаз болуға тырысады , себебі ұстаздарының қандай байлыққа ие болып ,шалқып өмір сүріп жүргенін көріп отыр.
Ал ұстаз болып артынан кісі ілестіру үшін сол надан жастарға қызығытындай қияли әңгімелер айту керек.
Кеше бір досым «Бұрын баламызға арақ ішіп ,темекі тартатындарға жолама -деп ұрсатын едік ,кәзір досы темекі тартса қуанатын болдық -деп күлдірген .
Өмірде бәрі салыстырмалы физика заңына бағынады деген осы. Өз ойым.
Әбдібек БИСЕНТЕГІ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен.